АГПК АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Табысты еңбек ету — қоғам алдындағы басты міндет

Бейсетбаев Асылхан Косылханович — Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Табысты еңбек ету — қоғам алдындағы басты міндет

       Интеллектуалды ұлт болып қалыптасуда ең басты мақсат —  бәсекеге қабілетті қоғам мен сол қоғамды жоғары деңгейде дамыта алатын қазіргі таңда жаңарып жатқан сан түрлі ақпараттық технологиялардың әрбір сырын жетік меңгерген қажырлы, қайратты, заманауи жастар екені баршаға мәлім.  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының жаңалығы да, білім саласына көп өзгерістер енгізгені анық. Үшінші жаңғыруында «…Біз  сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз»деген Елбасының сындарлы саясаты  мені қатты қуантады. Себебі, ұжымын жаңа заманның ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығаруда үнемі ізденісте жүретін білікті директор Медет Омарбеков басшылыққа алған оқу ордамыз — Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде   ақпараттық технологияларға  негізделген    IT- білімді, бәсекеге қабілетті, жаңашыл кәсіби мамандар даярланып, еліміздің түрлі салаларында табысты еңбек атқаруда.

Биылғы  аяқталып қалған оқу жылы да табысты кәсіби қызметіміздің жетістігімен есте қалмақ. 2017-2018 оқу жылы барысында  колледжімізде өткен ауқымды іс- шаралар, кәсіби мамандарды даярлауда оқытушылардың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған үштілділік, ақпараттық технологиялар, білім жүйесіндегі жаңа бағдарламаларға негізделген жаңашыл инновациялық педагогикалық әдіс-тәсілдерге негізделген  ашық сабақтар, коучинг- семинарлар, іскерлік тренингтер,  студенттердің заманауй бағыттағы идеяларынан туындаған ғылыми жобалары аудандық, қалалық, республикалық  байқаулардан сынға түсіп, алған жетістіктері біздің биылғы оқу жылындағы алға қойған мақсат-міндеттеріміздің орындалғанын дәлелдейтін қарқынды дамуының көрінісі. Атап айтар болсам, колледжімізде өткен «кәсіби шеберлік» апталығы, «Білім- табысты келешектің негізгі іргетасы» тақырыбында студенттермен пікір алмасу, білім фестивалі, ақын-жазушылар және өнер майталмандарымен өткен кездесулер,ақпараттық орталықтар мен телеарна қызметкерлерімен, табысты бизнес өкілдерімен сыр-сұхбат кештері, әдістемелік кабинеттің  «Үздік оқу – әдістемелік кешен», «Мен және менің тәлімгерім» т.б байқаулары мен интеллектуальды ойындар оқытушылар мен жас мамандардың, студенттердің одан әрі шыңдалуына ықпал етті. Сондай –ақ дәстүрге айналған Алматы қаласы колледждер студенттерінің 1998-2000 жылдары туылған жастар мен жасөспірімдер арасындағы «Колледж барысы» турнирі, аудандық «Би әлемінде» колледж аралық сайысы, «Политех» БПҰ –ның  колледждер арасындағы дәстүрлі шахмат кубогы ұйымдастырылды. Колледж базасында жұмысшы мамандығының танымалдығы мен мәртебесін арттыру мақсатында «Желілік және жүйелік әкімшіліктеу», «Web-дизайн», «Электроника», «Мехатроника», «Мобильді робототехника» құзіреттіліктері бойынша «Worldskills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты, «Цифрлы Қазақстан- ІТ білім беруді іске асырудағы жаңа бастамалар» тақырыбында республикалық деңгейде ғылыми практикалық онлайн -конференция өткізілді. Сонымен қатар, біздің шабытты, өнерпаз жастарымыздың КВН құрамасы Тәуелсіздігіміздің 26жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында өткен «Жайдарман» финалдық ойынында ең үздік деп танылып, Республикалық 2018 жылғы маусым ашар ойынына жолдама алса, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Дүйсенбаева Әсем  Аманжанқызы қалалық «Үздік педагог-2018» байқауынан Бас жүлдені жеңіп алып, Республикалық «Үздік педагог» байқауына жолдама алды. Бұл әрине, баршамыздың ортақ жеңісіміз.

Колледжімізде даму мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған топтарға инклюзивті білім беруде іске асырылады. Осындай топтарға инклюзивті білім беруде арнайы пәндерді оқытатын Косерова Нағашкүл Қалалық және Республикалық байқауға қатысуда, біліктілігімен топ жарып жеңіс тұғырынан көрінер деген үмітіміз мол.

     Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтерудің басты шарты. Сондықтан оқытушылардың өз елімізбен қатар шет елдерде де біліктілік көтеру курстары-нан өтуге мүмкіндіктер жасалынған. Арнайы пән оқытушылары Англия, Польша, Малайзия  мемлекеттерінде курстардан өтіп, тәжірибе жинақтап келді.

Елбасымыздың жолдауынан бастау алған бұл байқаулар, өткізілген іс-шаралар білімді жастардың жарқын болашағына арқау болмақ. Біздің қуатты қарумыз- білімді жастар! Жастар – еліміздің ертеңі,  жарқын болашағымыздың кепілі. Міне, сондықтан да жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуына, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруына, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуіне көңіл бөлу біздің колледждің алға қойған мақсаты. Қоғамға ең керегі – жастарымыздың ертеңіне деген сенімі мен үміті. Сондықтан жарқын болашағымыз үшін ұрпағымызды тәрбиелеу  – Елбасы жолдауын назардан тыс қалдырмаған колледж ұжымының  абыройлы да нәтижелі жұмысы болмақ.

Уважаемые студенты колледжей Республики Казахстан 1,2,3 и 4 курса!

Алматинский государственный политехнический колледж объявляет о приеме переводом с других колледжей на вакантные места государственного образовательного заказа (Грант) по самым востребованным специальностям 21 века.

Основные наши преимущества:

И многое другое ждет Вас в нашем Политехе!!!

По всем вопросам обращаться

Пресс-служба (WhatsApp):  8 775 705 45 25
Канцелярия:  8 727 393 39 52