АГПК АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

ШМП

  368 просмотров

 

              2018-2019 оқу жылына арналған жас мамандар мектебінің

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Жас педагог мектебi – бұл бітірген мамандығы бойынша еңбек өтiлi жоқ

 «Жас мамандар» мектебінің жоспары

 

Мақсаты мен міндеті: Негізгі мақсат –  колледждегі «жас педагог» мектебіндегі оқытушылардың  білім-біліктілігін, тәжірибесін, сабақ беру  процесіндегі әдістемесін жетілдіру.

  • жас педагогтардың білім-біліктілігін, сабақ беру тәжірибесін дамытып отыру;
  • жас педагогтардың кәсіби шеберлігін ұштап отыру;
  • оқытушының оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік-танымдық жұмыстарын, бағыттарын анықтап белгілеп отыру;
  • оларға ақылшы ұстаздарды бекіте отырып, орта оқу орнындағы өзара тәжірибе алмасу іс-қимылдарын үйлестіре жүргізіп отыру;
  • жас оқытушылардың біліктілігін арнайы біліктілік арттыру ұйымдарына кеңінен қатыстыра отырып, олардың біліктілігін, іс-тәжірибесін үнемі шыңдап отыру;
  • жас мамандардың кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үдерісін тездету;
  • оқытушының жеке шығармашылық стилiнiң қалыптасуына көмектесу;
  • жас педагогтарға бiлiм беру процесiне қазiргi жаңа көзқарастар мен озат педагогикалық технологияларды енгiзуге көмек көрсету.

 

 

  1. Қызметтің негізгі бағыттары мен мазмұны

1.Жас маман үшiн топтық сабақтар ұйымдастыру, практикалық, семинар сабақтарын, ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу, бiлiм беру қызметiн ұйымдастыру және кәсiби өзiн-өзi оқыту мәселелерi бойынша  жас педагог мектебi мүшелерiнiң есептерiн тыңдау.

2.Жас мамандардың  кәсiби талаптарын зерттеудi ұйымдастыру, өзiн-өзi жетiлдiруге көмек көрсету.

3.Озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

4.Педагогтардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалыптастыруына себепші болу.

5.Жас педагогтардың заманауи тәсілдерді және озық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге көмектесу.

 

 

  1. Жас педагог мектебi қатысушыларының құқықтары

1.Семинар, конференция, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысу.

2.Колледждiң материалдық базасын өзiн-өзi оқыту үшiн қолдану.

3.Тәлiмгер-оқытушыдан консультациялық көмек алу.

4.Өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыру.

  1. Жас педагогтармен жұмыс нысандары

1.Жас оқытушылардың бейімделуіне себепші болатын жағдайлар жасау,педагог тәлімгерлерді бекіту.

2.Әдістемелік көмек көрсету:дөңгелек үстелдер,оқу-әдістемелік мәселелер бойынша семинарлар,пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар.

3.Жас оқытушының сабағына кіріп талдау жасау.

4.Сауалнама жүргізу арқылы жас оқытушының жетістігін диагностикалау.

  1. Міндеттер мен жауапкершілік
  2. Жас педагогтар мектебiнiң қатысушылары және жетекшiсi алдына қойылған мәселе, қызмет, мiндеттердi құрылған жоспар бойынша орындауға жауапты.
  3. Тәлімгер міндеттеген ашық сабақ,семинар-практикум.ашық тәрбие сағаты.т.с.с. басқа да формадағы оқу-әдістемелік тапсырмаларды орындау.
  4. Оқу үдерісінде ұйымдастырылатын жас педагогтар сайысына қатысу.
  5. Басқаруды ұйымдастыру

Жас педагог мектебiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн оқытушылар қатарынан жоғары немесе бiрiншi санатты оқытушы  жетекшi  болып тағайындалады. Оқу жылында жас мамандарға екі ашық сабақ, бір ашық тәрбие сағатына, бір конференцияға қатыстырып жас педагог мектебi өткiзедi. Бұл іс-шараларды жас педагог мектебінің жетекшісі іске асырады.

Жас педагог мектебi жұмысының негiзгi формасына мыналар жатады:

  • оқу-әдiстемелiк сұрақтар бойынша семинарлар, оқытушылардың шығармашылық жұмыстары;
  • ашық сабақтар мен пән бойынша дәрiсханадан тыс iс-шаралар;
  • дәрiстер, оқыту мен тәрбие беру әдiстемесi бойынша пiкiрталас
  • педагоикалық озат тәжiрибенi зерттеу.
  1. Құжаттама
  2. 1. Жас педагог мектебiнiң ережесi.
  3. Жас педагог мектебінің жылдық жұмыс жоспары.
  4. 3. Әдiстемелiк нұсқаулар, ақпараттық бюллетеньдер.

4.Жас педагог мектебінің жылдық есебі

Өткізілетін іс шара  мазмұны

 

Мерзімі Жауаптылар
1.      Ұйымдастыру жұмыстары
1. Жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету. жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер – К.Толымбек

2. Жас мамандарды тәлімгер ұстаздардың сабақтарына қатыстыру. жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер –  К.Толымбек

3. Білім беру үрдісіндегі заманауи әдістер мен озық педагогикалық технологияларды игеруге көмек беру. жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер –  К.Толымбек

4. Кәсіби білімін жетілдіру бойынша жас  мамандарды білім көтеру курстарына жіберу. жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер –  К.Толымбек

5. Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік құралдарды өздігінен оқып үйренуге, талдай білуге  дағдыландыру. жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер – К.Толымбек

6. Шығармашылық ізденіске баулу.

 

жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер –  К.Толымбек

7. Ұстаздарға арналған танымдық сайттарға кіру. жыл бойы Әдіскер –  К.Толымбек
8. Профориентациялық жұмыс.

 

жыл бойы Ұлағатты ұстаз – Р. Сазанбаева

Әдіскер – К.Толымбек

 

2.      Ғылыми –зерттеу және оқу -әдістемелік жұмыстар

 

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» Заңымен,

колледжішілік еңбек  тәртібімен таныстыру. Жас  мамандарға тәлімгер ұстаздар тағайындау.

Оқу құжаттарымен таныстыру, әзірлеуге кеңес беру.

03.09.2018 Колледж директоры – Омарбеков М.А.

Директордың орынбасарлары:

Бейсетбаев А.К., Якенова К.Ж.,  Маликова М.С.,Мұхтар Е.М.

Әдіскер – К.Толымбек

2. Нұсқаулық-әдістемелік сабақ: «Күнделікті сабақ жоспарын  жазу тәсілі және сабақ  типтері мен кезеңдері»

 

12.09.2018 М.Сонурова
3. Экскурсиялық сабақ:

Колледжішілік техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен таныстыру.

Колледж мұражайымен танысу.

15.09.2018 Техникалық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі инженер –

М. Тұрсынбаева

Мұражай меңгерушісі – Ж.Байбалақова

4. Психологиялық тренинг-сабақ:

«Педагогикалық қарым –қатынас қағидалары және кикілжіңнің алдын алу »

21.09.2018 Колледж психологы – Бейсенбаева Л.
5. Әдістемелік семинар :

Инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жақтары мен мақсаттарын ажыратып меңгерту

28.09.2018 Ғ.Мұсабаева
6. Колледждің қоғамдық жұмысына жас маманды тарту,

«Ұстаздар күні» мерекелік шара өткізу.

 05. 10.2018 Әдіскер – К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке

7. Тренинг-семинар:

Жаңа материалды оқып үйретуде қажетті әдістерді таңдай білуге үйрету.

19.10.2018 К.Жумагалиева
8.
9. Шығармашылық ізденіс – білім сапасына жетудің жолы (БАҚ –қа материалдар беру) 30.11.2018 Әдіскер –  К.Толымбек
10. «Оқушылардың шығармашылығын арттыратын интербелсенді әдістер»

Мастер класс

7.12.2018 Н. Иманғазиева

Ұ.Құдабаева

11. Применение  smart задании на  уроках. 21..2018 ИКЦ меңгерушісі  –

Қ. Каржаубаева

12. Қатысқан сабақтарда тәжірибелік іс шараларды талдау. 11.01.2018  Әдіскер – К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке

13. Жас мамандар байқауы «Мен және менің тәлімгерім» 25.01.2018 Әдіскер – К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке

14. Практикалық сабақ:

«Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін қолдану»

25.01.2018 Г.Қанабекова

Д.Токенова

15. Кучинг-семинар  «Искусство говорить убедительно и красиво » (Ораторское мастерство). 08.02.2018 Кебекбаева С.Х.

Малаева Г.А.

Шукирбекова С.Т.

16. Әдістемелік семинар  «Латын әліпбиіне көшу –Қазақстан стратегиясы» 22.02.2018 А.Ахметова

А.Дюсембекова

17. Практикалық сабақ:

««CLIL» – Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі»».

01.03.2018 Н.Косерева.
18. «Қош келдің – Наурыз!» іс-шарасына атсалысу. 15.03.2018 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Е. Мұхтар
19. Дөңгелек үстел: «Кітап – өмір»

 

12.04.2018 Кітапханашы – А. Сұлтангалиева
20. Модульдік оқыту технологиясын қолдану процесіндегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру. 26.04.2018 М.Балғазиева
21. Жас мамандар әдістемелік, сабақ жүргізу деңгейін анықтау .Жас мамандар онкүндігі 10.05.2018 Әдіскер – К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке

22. «Жас мамандар мектебінің» жұмысын талдау. ЖММ- нің жылдық альбомы.

 

07.06.2018 Әдіскер – К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке

 

 

 

«Колледждегі тәлімгерлік туралы» ереже

1.    Жалпы ережелер

Тәлімгерлік – білім беру ұйымындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі,сонымен бірге, біліммен, тәжірибемен бөлісу, уәждерін тереңдету, өзінің беделін мойындатқан, тәжірибесі бар және оны бөлісуге ынтасы бар тұлға жағынан өзінің мамандығын енді бастап келе жатқан немесе өндірістен келген жас маманның педагогикалық  жұмысына деген сүйіспеншілігін ояту.

Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі оқытушы.

2.    Тәлімгердің мақсаты  мен міндеттері

Білім беру мекемесіндегі  тәлімгердің мақсаты  жас оқытушыларға кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

Тәлімгерлерге қажетті қасиеттер:

  • Лайықты қасиеттері, адамгершілігі, жетістіктері бар болуы;
  • Қызметке жаңадан келгендерді қабылдайды, олардың мансаптары мен жетістіктерін қалыптастыруға көмектеседі;
  • Өзінің қамқорлығындағы тұлғаға өзінің білімімен, материалдарымен, тәжірибесімен, дағдыларымен бөлісуге ынтасы болуы қажет;
  • Сенім ахуалын жасай білу;
  • Ең бірінші ақпарат көзі болып табылады;
  • Өзі үшін жоғары үлгілерді қалыптастырады;
  • Өзінің мамандығын жақсы көреді және оның энтузиасты болып табылады;
  • Өзінің саласында жетілдіруді жалғастырады, жоғары танымдық қажеттілікке ие болуы тиіс;
  • Әріптестердің құрметіне ие;
  • Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттері болуы қажет;
  • Кәсіби қызметінде 5 жылдан кем емес еңбек өтілімі болу керек;
  • Жоғары және бірінші біліктілік дәрежесі болу керек.

Міндеттері:

  • Тиімді тәлімгерліктің жоспарын құрастырады және оның екі-үш жыл ішінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
  • Қарамағындағылардың жұмысын сараптап, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалайды;
  • Жас оқытушыларға 2-3 сабаққа дайындалуға әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді;
  • Дидактикалық материалдарды, көрнекіліктерді, мәтіндік тапсырмаларды, бақылау тапсырмаларының түрлерін жинастыруда көмек көрсетеді;
  • Өз білімін жетілдіру үшін әдебиеттерді таңдауда, құжаттарды толтыру мен рәсімдеу кезінде көмек көрсетеді;
  • Әр күннің, аптаның қорытындысы бойынша күнде әңгімелеседі және пайда болған мәселелерді шешеді;
  • Жас оқытушының сабақтарына қатысады, жылына 2 рет өзара сараптама жасайды;
  • Заманға сай талаптарды есепке ала отырып, тәлімгерлік қызметте тәжірибеге жаңа ұйымдастырушылық формалар енгізеді (рөлдік ойындар, байқаулар);
  • Өзінің кәсіби білімін, қабілеттерін жетілдіреді;
  • Аттестацияға дайындалу кезінде көмек көрсетеді, аттестациялық комиссияға сарапшылық тұжырым береді;
  • Колледж әкімшілігін жас оқытушының машықтануы туралы хабардар етеді;
  • Талап бойынша тәлімгерлік жөніндегі есебін жүзеге асырады;

Тәлімгердің құқығы:

  • Кәсібилігін жетілдіруге;
  • Әкімшіліктен және әріптестерінен көмек сұрауға;
  • Тәлімгерлік қызметте тәжірибемен алмасуға;
  • Қарамағындағымен келіспеушілік болмаған жағдайда тәлімгерліктен бас тартуға;
  • Сапалы жасалған қоғамдық жүктемесі үшін марапатталуға.