• Қазақстан, Алматы қ.,
    мкрн. Тастақ 1, 1В үй
  • Тел.:+(727)393 39 52
    Моб:+7 702 958 2637
  • ЖАС МАМАН " ЖОБАСЫ»

    "Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
    "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "ҚР Үкіметінің қаулысымен" Кәсіпқор "Холдингі "КЕАҚ"Жас маман" жобасының операторы болып белгіленді.
    "Жас маман" жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
    Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған:
    - өңірлер бөлінісінде сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік мамандықты анықтау;
    - іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу;
    - сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;
    - білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген кәсіп бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;
    - колледждерге қосымша қаржыландыру шартымен жабдықтарды сатып алу (кемінде 5% жергілікті бюджет есебінен).
    - лизинг тетігі арқылы және/немесе жоо-лардың өз қаражаты есебінен ЖОО-лар үшін жабдықтар сатып алу.
    "Жас маман" жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді.
    "Жас маман" жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде "WorldSkills IT құзыреті орталығы"ашылады.
    Белгілі бір мамандықтар бойынша жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтарын сатып алу жүзеге асырылды:
    1. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
    2. "Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика өнеркәсіпте "
    3. "Радиоэлектроника және байланыс"
    Сондай-ақ, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін қалалық және халықаралық деңгейде жеткізілген жабдықтармен жұмыс бойынша даярлау жүргізіледі.




    20-25 қыркүйек аралығында Түркия Республикасы, Анталия қаласында колледж өкілдері директордың орынбасарлары Якенова Құралай Жұмабекқызы мен Маликова Маржан Сабырқызы "Жас маман" жобасы аясында "Индустрия 4.0"бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. "Индустрия 4.0" тұжырымдамасы Festo Didactic экожүйесі аясында жүзеге асырылды. Бұл курстарды Skills Camp компаниясы ұйымдастырды.

    Thumbnail image
    Thumbnail image

    Thumbnail image
    Thumbnail image



    Политеховец бол! Бұл қарапайым.