• Қазақстан, Алматы қ.,
    мкрн. Тастақ 1, 1В үй
  • Тел.:+(727)393 39 52
    Моб:+7 702 958 2637
  • Студенттерге қызмет көрсету орталығы

    Студенттерге қызмет көрсету орталығы

    Бастасова Арайлым Тлеутайқызы

    arai_bastasova@mail.ru

    WhatsApp +7 778 422 6068

    Студенттерге қызмет көрсету орталығы(СҚКО) – «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде» 2018 жылы құрылды. СҚКО қызмет көрсету стандарттары негізінде "бір терезе" қағидаты бойынша бүкіл оқу кезеңінде студенттерге оқу-білім беру, заң және қаржы мәселелері бойынша кеңес береді. СҚКО - әрбір студент өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алатын орын, бұдан бөлек бұл контингент қозғалысы бойынша бұйрықтарды рәсімдеу және тіркеу, білім алушыларды оқудан шығару, қайта қабылдау және ауыстыру, құрылымдық бөлімшелерде статистикалық ақпаратты жинау, сондай-ақ әрбір студент үшін интернетке Free Wi-Fi-ға еркін қол жеткізу аймағы. СҚКО қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім білдіру негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі объективтілік, нақты ақпарат беру. СҚКО-бұл колледж әкімшілігі мен оның студенттерінің арасында диалогын құрудың жаңа форматы.

    Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:

    Студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы колледж өміріндегі маңызды оқиға болып табылады, онда барлығы келушілердің өзін жайлы сезінуіне арналған. Бұл ХҚКО-ның аналогы. Ол білім алушыларға үзіліс кезінде орталыққа келіп, барлық қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға үлкен көмек көрсетеді. Оны құру білім алушыларға көрсетілетін қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыруға ықпал ететін болады. СҚКО "колледж – студент" арасындағы өзара әрекеттесу кезіндегі пайда болатын бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді, студенттердің мәселелерін шешудің тиімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, қызметтер сапасының қағидатын жаңа деңгейге көтереді, білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметтер алуға жұмсайтын уақытын азайту сынды мәселелерді шешеді. Студенттер, ХҚКО-ға қош келдіңіздер!!!



    Политеховец бол! Бұл қарапайым.