• Казахстан, г. Алматы,
    мкрн. Тастак 1, д. 1В

  • Тел.:+(727)393 39 52
    Моб.:+(775)705 45 25

  • Оставить заявку

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


1304053 Ақпараттық қауіпсіздік техник

Бұл маман ақпаратты рұқсатсыз кіруден және деректерді жоғалтудан қорғау құралдары мен әдістерін меңгерген, домендік қызметтердің (Microsoft Active Directory), желілік технологиялардың (маршрутизация, коммутация, NAT, CCNA деңгейінде ACL), Cisco ESA (Email Security Appliance, IronPort), MS Exchange қауіпсіздік қағидаларын біледі, криптографияны (деректерді шифрлауды) меңгереді. Ақпаратты қорғаудың көп деңгейлі жүйесін (логин мен парольдер, телефон нөмірлері бойынша сәйкестендіру, саусақ іздері бойынша, көз торкөзі бойынша және т.б.) баптайды, жүйенің құрамдас бөліктерін (сайт, сервис, компаниядағы автоматтандырылған жүйе) осалдықтардың болуына зерттейді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша қорғау жүйесін (DLP, SIEM және т.б.) жобалайды және енгізеді. Қосымша «Call орталықтарының операторы» жұмысшы біліктілігін алады.

9 сынып негізінде оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.


1304043 Техник-бағдарламашы

Техник-бағдарламашы маманы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудың негіздеріне ие, бағдарламалау тілдерінде қолданбалы бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады: Delphi, C+, C#, 1C-бағдарламалау, Java, Python. Access және MySQL деректер қорын басқару құралдарын игере алады. HTML, PHP, XML, JavaScriptбағдарламалау тілдері негізінде әмбебап желілік қосымшалар мен сайттарды жасайды. Adobe InDesign, PhotoShop и CorelDrow негізінде компьютерлік графиканы оқып үйрену, желілік технологияларды игеру, жергілікті және глобалды желілерді жаңарту және қалпына келтіру.

9 сынып негізінде оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.


1304033 Жүйелі басқару технигі

Бұл маман барлық ұйымдарда сұранысқа ие, себебі колледжді бітіргеннен кейін келесідей дағдыларды меңгеріп шығады: компьютерлік техниканы, ұйымдастыру құрылғыларын, шағын АТС-сын орнату мен қызмет көрсету; жүйелік бағдарламамен қамтамасыздандыру (Windows ОЖ, Linux) жұмыстарын қатесіз жұмысын ұйымдастыру; қолданбалы БҚ орнату, теңшеу және жаңарту; пайдаланушыларға техникалық және бағдарламалық қолдауды жүзеге асыру, жергілікті желі және бағдарламалар жұмысы мәселелері бойынша оларға кеңес беру; жергілікті есептеуіш желілерге, серверлерге антивирустық қорғауды жүзеге асыру. Берілген біліктілік бойынша студенттер РОБОТОТЕХНИКАНЫ меңгеріп шығады.

9 сынып негізінде оқу мерзімі: 3 жыл 6 ай.


1304012 Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы

Бұл маман компьютерде ақпаратпен жұмыс істейді, деректерді енгізеді, өңдейді және қажет болған жағдайда корпоративтік желілерде немесе Интернет арқылы жібереді. Сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен операциялық жүйелерді пайдалана алады. Бұл маман офистік бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істей алады (Microsoft Office, LibreOffice, OpenOffice.org және т. б.), графикалық бағдарламаларды (Corel Draw, Adobe Photoshop, Blender және т.б.) пайдалану, операциялық жүйені орнату және баптау. Қызмет барысында маман есептеу техникасын орнатумен, қызмет көрсетумен және модернизациямен айналысатын болады, сонымен қатар ДК, қашықтағы серверлердің, көптеген перифериялық құрылғылардың, мультимедиялық және оргтехникасының жұмысын қадағалайды.

9 сынып негізінде оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.


1304000
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

1305000
Ақпараттық жүйелер

1306000
Радиоэлектроника және байланыс

0518000
Учет және аудит

1013000
Өнеркәсіптегі өңдеу, автоматика және автоматика

1014000
Инженерлік технология

1308000
Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану
Image

студент болуды үйрен!

неден бастауды білмейсіз бе? қайда бару керек және қалай шешуге болады? Мұнда абитуриенттің студенттік өмірін бастау үшін қажет нәрсенің бәрін білесіз. Оңай, қарапайым және қол жетімді

Нұқыңыз
Image

Сіз қазірдің өзінде оқушысыз, бірақ сұрақтарыңыз бар ма?

Сіз біздің колледждің студентісіз және сіздің оқуыңыздың мүмкіндіктері мен мүмкіндіктері туралы білгіңіз келеді ме?

Нұқыңыз
Image

Мемлекет және құқық. ҚР

егер сіз оқығыңыз келсе, шартты заңдар мен конституция оқылуы керек

Нұқыңыз